Әскери қызметшілер Астана тұрғындарына ерекше тарту жасады

Олар теміржол вокзалынан бастап, қаланың ірі сауда-ойын сауық орталықтарында қыз-келіншектерге гүл тарту етіп, әскери парадпен әннен шашу шашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онан соң ұлттық әскери-патриоттық орталық ансамбілінің өкілдері аруларға арнап өнер көрсетті. Ал құрметті қарауыл ротасының сарбаздары жиналғандар назарына әскери киімдердің үлгісін паш етіп, ерекше ықыласқа бөленді.