Жаппай тәртіпсіздік үшін жаза қатайтылады

Бұдан былай телекоммуникация арқылы жаппай тәртіпсіздікке шақырған, қылмыстық топ құрамында бұзақылық жасаған және кісі өлтіру мен бандитизмге барғандар үшін жаза қатаңдайды.

Мұндай қылмыскерлер үшін мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталады. Сонымен қатар тұрмыстық құқық бұзушылық үшін жаза қатаңдатылмақ. Оның аясында енді денсаулыққа ауыр, орташа ауыр зиян келтіру және материалдық тәуелді адамға қатысты іс-әрекет жасау деген сараптамалар жасалады.