Қазақстандықтардың өмір сүру сапасының рейтингі жарияланды

Экономикалық зерттеулер институтының мамандары еліміздің 25 қаласындағы тіршілік ету деңгейін анықтады.

Нәтижесінде облыс орталықтары, батыс өңірлерде, Астана мен Алматы шаһарларында жалақы көрсеткіштері ең жоғары болып шықты. Өмір сүруге ең қымбат қалалар Жаңаөзен, Риддер, Астана, Степногорск және Алматы. Бұл тізімде Екібастұз, Балқаш, Өскемен мен Атырау да бар. Оған қарағанда Түркістан, Ақтөбе, Орал, Петропавл және Таразда күнкөріс әлдеқайда арзанға түседі екен. Сарапшылар әр өңірде халықтың тұрғын үймен қаншалықты қамтамасыз етілгенін де бақылап көрді. Ақтау мен Астанада бір адамға 30 шаршы метр баспана тиесілі екен. Ал Семей, Степногорск, Тараз, Петропавл мен Сәтпаевта баспанамен қамту деңгейі төмен.