Ақмола облысындағы өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп келеді

Арақ өңірінде қардың көбі сөгіліп, өзен-көлдердің бетінде қызылсу жүгірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақмола облысында 128 елді мекенге қауіп бар. Бүгінде соның 113-інде қатер сәл де болсын сейілді, - дейді мамандар.

Дегенмен өзен-көлдерде су деңгейі көтеріліп келеді. Атбсар маңындағы Жабай өзені жағадасындағы 10 ауылға қатер төндіруі мүмкін. Синоптиктер наурыз айының соңында аймақта су тасуы мүмкін деп ескертеді. Сондықтан шаһардағы әскери бөлім мен Азаматтық қорғау академиясының курсанттары да әзір отыр. Қазір 10 аудан мұз жаруға кіріскен.

Еркін Берлібеков, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы:

- Су тасқынына дайындық мақсатында 387 рейд жүргізілді. 2524 құтқарушы мен 1124 техника дайын тұр. Жалпы облыс аумағында 3 ірі су қоймасы бар. Ол – Астана, Сілеті және Шағалалы. Қазіргі таңда үшеуіндегі су қоры 59-74 пайызды құрап отыр. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз.