loader


Ақтөбе облысының Қобда ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысының Қобда ауданында елуден астам үй мен бірқатар әлеуметтік ғимаратты су басты. 

Ал тұрғындар қауіпсіз жерге шығарылды. Қорадағы ірілі-ұсақты мал да уақытша ұстау үшін өзге шаруаларға әкетілген. Енді жағдай тұрақталған соң бұл аумақтарда су сору жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті билік өкілдері келтірілген шығын өтелетінін айтып отыр.Далалық алқаптан келген топан судың беті қайтқанымен, елді мекенде құтқарушылар, полиция және жергілікті орган қызметкерлері әлі де кезекшілік атқарып жүр. Себебі, жағдай кенеттен өзгеруі мүмкін. Ал аудан аумағы арқылы көрші өңір - Батыс Қазақстан облысына қатынайтын жол қалпына келтірілді.

Сондай-ақ...