Қызылордада 40 отбасы қоныс тойын тойлады

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қызылордада 40 отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа пәтерлердің кілті баспанасы апатты деп танылған тұрғындарға тарту етілді.

Қызылорда облысында биыл тұрғын үй құрылысына қомақты қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін өңірде 692 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек, Сырдария өзенінің сол жағалауынан 84 пәтерлі 7 қабатты 6 тұрғын үйдің құрылысы басталады.

Әлима Әбішова, қала тұрғыны:

- Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаңа пәтерге ие болып жатырмыз. Жаңа үйге келіп жатырмыз. Біз Титов қыстағында апатты үйде тұратын едік. 3 жыл болған. Міне, жақсылық көріп жатырмыз. Қызылорда тұрғындарына, пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға осындай күнді тілеймін.