Алматыда ғасыр жасаған кейуана дауыс берді

Алматыда ғасыр жасаған кейуана дауыс берді

107 жастағы Ханша Қарсыбаева № 343 сайлау учаскесіне немере, шөбере және шөпшектерімен бірге келген.

Шаһардың ең қарт тұрғыны шөбересінің көмегімен дауыс беру кабинасына кіріп, таңдауын жасады. Жастайынан тағдыр тауқыметін тартып, өмірдің бар белесінен өтті.  Ұзақ жылдар бойы колхоздың қызылшасын екті. Қой бақты, сиыр сауып, сауыншы да болды. Нағыз еңбек адамы атанды. Елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тілеген Ханша әжеге учаскелік сайлау комиссиясы сый-сыйапат жасады. Иығына шапан жауып, басына ақ орамал салды.

Ханша Қарсыбаева, қала тұрғыны:

- Қарақтарым, аман-есен болып, ел-жұртың аман болсын! Жұмыстарың алға басып, абиырлы ақ жүзді болыңдар қарағым! Енді аман-есен болыңдар әкелерім! Ел іргесі аман болсын!