Шымкентте халық арасында сайлауға қатысты сауалнама жүргізілді

Қоғамдық ұйым өкілдері саяси науқанның ашықтығы мен оның әділ өтуін бақылады.

Олар Орталық сайлау комиссиясына алдын ала жазбаша хабар беріп, тіркелген және барлық 330 учаскені аралады. Сөйтіп, тұрғындардың көңіл-күйін, кімге дауыс бергенін сұрап, сайлауға қатысты пікірлерін жинақтады. Сауалнама нәтижесі ертең жарияланады.

Динара Оралова, "демократия институты" ғылыми-зерттеу ассоциациясының сұхбатшысы:

- Анонимді тұрғыда сауалнама жүргізу арқылы біз «Exitpoll»-ды, яғни расымен халық сол кандидаттарға дауыс беріп жатыр ма!? Қаншалықты дауыс шынайы түрде өтіп жатқандығын біз зерттейтін боламыз. Ол сайлаушы мен сауалнама жүргізушінің арасындағы құпия түрінде өтіп жатыр.