Павлодардағы мерекелік шаралар. LIVE

Ұлысты ұлы күні Ертіс өңірінде де кеңінен тойланып жатыр.

Павлодар қаласында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, концерттер ұйымдастырылды. Бүгінгі мерекелік шаралардың ерекшелігі неде?

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Қайырлы күн, әріптестер! Жұртшылықтың көңіл-күйі тамаша. Биыл мейрамға орайластырылған шаралар орталық жағалауда ғана емес, бірден 23 жерде аталып өтілуде. Дәл қазір біз оқушылар сарайының маңында бой көтерген «Шабыт» ауылында тұрмыз.

Бүгін Павлодардың әр шағын ауданында осындай мерекелік шаралар ұйымдастырылуда. Бұл жерде таңертеңнен бері ұлттық ойындар жарысы, қолданбалы өнер көрмесі, концерттер өтуде. Шараның тағы бір ерекшелігі – бүгін оқушылар Наурыз мерекесіне арнайы тіккен тақияларын паш етті. «Taqıa Fashion week» гранд-дефилесіне 200-ге жуық қыз бала қатысты. Жастарға ұлттық бас киімді тігудің қыр-сырын аймақтың қолөнер шеберлері үйреткен. Шеберлік сабақтары көптеген мектепте Наурызға дейін бір апта бойы өткізіліп, нәтижесі өздеріңіз көргендей. Шаралардың бір бөлігі Орталық жағалауда өтіп жатыр. Сол жерде дәстүрлі ұлттық тағамдар әзірленіп, жұртшылыққа таратылуда. Ал мәдени мекемелердің барлығында мерекелік шаралар бірнеше апта бойы ұйымдастырылды. Тікелей эфирге дейін біз тұрғындармен тілдесіп, бір-бірімізді құттықтап үлгердік. Тыңдап көрсек.

Ақмарал Есімханова, тілші:

- Жалпы, Ертіс өңірінде Наурыз мерекесіне орай 600-ге жуық шара өткізу жоспарланған. Облыстың түкпір-түкпірінде 200-ге жуық киіз үй тігілді. Тағы бір жаңалық, мейрам қарсаңында 70-ке жуық металлург көптен күткен баспанасына қол жеткізді. Олардың барлығы бүгін Ұлыстың Ұлы күні өз үйлерінде қарсы  алады. Әріптестер, біздегі Әз Наурыз осылайша тойланып жатыр. Мендегі бар ақпарат осы! Ұлы оң болсын!