Атырауда Ұлыстың ұлы күнін атап өтіп жатыр

Бүгін тек  Атырау қаласының өзінде 8 жерде наурыз мерекесі ұйымдастырылды.

Оған бірлігі мен ынтымағы жарасқан жүздеген ұлт пен ұлыстың өкілдері бас қосып, халықтық мерекені зор қуанышпен атап өтіп жатыр. Бүгін атыраулықтар қандай мерекелік іс-шараларды тамашалап жатыр?

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Ұлыстың ұлы күніне арналған салтанат Атырау жерінде 14-наурызда басталды. Сол күннен бері қарай мекеме-кәсіпорындар, еңбек ұжымдары әз наурызды атап өтуде. Ал бүгінгі Исатай-Махамбет атындағы бас алаңдағы бұл көрініс ұлыстың ұлы күнніне арналған салтанатты шараның шырқау шегі десек артық айтқандық болмас. Алаңға жағалай 100 ге тарта ақшаңқа киіз үй тігіліп, мол дастархан жайылды. Жиналғандар бірі біріне дәм ұсынып, ақ тілектерін арнауда.  Атырау облысында 16 этномәдени бірлестік бар. Бүгінгі достық үйінің дастарханында қазақтың бауырсағы башқұрттың әсел-балы мен татардың түрлі тәттілері орын алған. Осылайша тілдері басқа болғанымен жүрегі қазақ деп соғатын тілегі алуан ұлттың өкілдері әз Наурызды бірге тойлап жатыр. 

Қазір менің жанымда славян этно мәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Битькова ханым тұр. Раиса Афанасьева, ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын!

Раиса Битькова, славян этно-мәдени бірлестігінің төрайымы:

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Атырауда наурыз тойы енді ғана қызып жатыр. Бас алаңда бүгін өнер ұжымдары концерт ұйымдастырып, театрландырылған көріністер қойды. Сондай-ақ түрлі ұлттық ойындар мен киіз үй байқауы өтпек. Арнайы сарапшылар киіз үйді тігілу шеберлігі мен оның безендірілуіне де баса мән беретін болады.