Қарағанды маңындағы өзен-көлдерде мұз жару басталды

Арқада өзен-көлдер әлі сіресіп жатыр.

Бірақ күн күрт жылыса тасқын жүруі мүмкін. Сол себепті құтқарушылар алдын ала қамданып мұз жаруға кірісті. Кешелі бері Ботақар, Мұстафин, Жастілек, Петровка ауылдары мен Теміртау қаласының аумағындағы біраз өзен-көлдер кесу-жару жұмыстары жүргізілді. Қар да шығарылып жатыр. Каналдар мен арықтар тазартылған.