2 қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесті

Қазақстанның 2 азаматы Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп, Инчхон халықаралық әуежайынан қашып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір жергілікті полицейлер олардың біреуін ұстады, ал екіншісін әлі де іздестіріп жатыр. Қос отандасымыз да Оңтүстік Кореяға 24 наурызда келгені анықталды. Олар Ташкент қаласынан «Koreana» әуекомпаниясының рейсімен ұшқан, кейін депортациялық рейсті күтті. Қазақстанның Сеул қаласындағы Елшілігі осы мәселе бойынша уәкілетті органдарымен тұрақты байланыс ұстап отыр. Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырғанын айта кеткен жөн. Қазір жергілікті БАҚ қашып кеткен қазақстандықтар жайлы жарыса жазып жатыр.