Алматыда кенені улау жұмыстары басталды

Алматыда кенеге қарсы улау жұмыстары басталды.

Мұның адамға, басқа жәндіктерге зияны жоқ дейді мамандар.Қазір 2 жарым мың гектар аумақ өңдеуден өтеді. 8 орманды алқап, 150-ге тарта саябақ пен гүлзарға дәрі шашылады. Ал дезинсекциялаудың екінші кезеңі мамыр, маусым айларында жүргізіледі. Былтыр мегаполисте 3 мыңнан астам адамды кене шаққан. Ресми дерек бойынша, жеті адамнан кене энцефалиті, тағы тоғыз адамнан кене борролиозы анықталған. Кене энцефалитінен вакцина салдырып қорғануға болады. 

Гүлнәр Мақұлбекова, Алатау аудандық СЭБ басқармасының бас маманы:

- Ауру белгілері, ең біріншіден, дене қызуы болады. Әлсіздік және аяқ-қол тартылып сондай белгілер беруі мүмкін. Бірақ  та ондай белгілер басқа да жұқпалы ауруларда кездесуі мүмкін. Осындай белгілері болып жатса саябақтан келгеннен кейін, демалыс орындарынан келгеннен кйін 0406 міндетті түрде көмекке уақтылы жүгінген дұрыс деп ойлаймын.