Шымкенттің мемлекеттік қызметшілеріне Антикордан SMS хабарлама жолданып жатыр

Шымкент қаласының мемлекеттік қызметшілеріне Антикордан SMS хабарлама жолданып жатыр.

Алайда мәтін мағынасы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмас үшін ескерту жасауға бағытталған. Әзірге пилоттық жоба бір жылға жоспарланып отыр. Деректер базасына қалалық, аудандық әкімдіктер мен оған қарасты басқармалардың 1500 қызметкері енгізілді. Ескерту жазбасы күндізгі уақытта екі тілде жолданады. Осылайша сала мамандары пара алу мен оны берудің және делдал болудың қылмыс екенін ұдайы еске салып отырмақ. Заңды кәсіпке кедергі жасау – ауыр қылмыс екендігі хабарланады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұл әдістің аз уақытта өз нәтижесін беретініне сенімді.

Дәурен Ерғарин,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы:

- Біздің негізгі бағыт болып саналатын ол лауазымды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту емес, лауазымды тұлғаларды қылмыс жасауға жол бермеу болып табылады. Жүйелі түрде ұйымдастырылған превентивті жұмыстың бір бөлігі болып осы кейс таныстырылып жатыр. Егер Шымкент қаласында ол кейс оң нәтижесін көрсетсе басқа өңірлерде жалғасын табады деп сенеміз.