Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды

Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды. Бизнесменнің үстінен қозғалған қылмыстық іс бүгін аяқталды.

Сондай-ақ сот үкімімен мүлкі тәркіленеді. Алдағы уақытта Боранбаев жергілікті өзін-өзі басқару, сот, квазисекторлық мекеме, ұлттық банк пен қаржы нарығын бақылау саласындағы қызметтерге тағайындала алмайды. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының судъясы сыбайласы Роман Нахановқа да дәл осындай үкім шығарды. Еліміздегі ең бай 50 бизнеменнің тізімінде болған Қайрат Боранбаевқа қатысты сот ісі былтыр 30-желтоқсанда қозғалған еді. Оған және сыбайластарына Қылмыстық Кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және жұмсау, әрі қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыруға қатысты тергеу жүргізілді.