АҚШ сарапшысы баспасөз хатшыларына арналған оқулықты ұсынды

«Цифрлық дәуірдегі баспасөз қызметі».

Елордада бүгін осындай кітаптың тұсауы кесілді. Оның авторы журналист, медиасарапшы, қоғаммен байланыс және коммуникация саласының маманы Маргерит Хокси Салливан. Жалпы ағылшын тілінде жазылған еңбек қазақшадан бөлек 30-дан астам тілге аударылған. Шараға АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері, сондай-ақ ғылыми қоғамдастық мүшелері қатысты. Ал Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушы Дархан Қыдырәлі авторға алғыс білдіріп, құттықтау хат жолдады. Туынды оқырмандар үшін ғаламтор кеңістігінде де қолжетімді.

Маргерит Хокси Салливан, кітап авторы:

- Кітапты 10 жыл бұрын жаздым. Ол кезде әлеуметтік желі онша дамымаған заман еді. Бүгінде қазақ тіліне аударылып отыр. Жалпы кітап баспасөз хатшыларына арнайы жазылғанымен, оның журналистерге де пайдасы бар. Кітапты басып шығару шығындарын АҚШ мемлекеттік комитеті қаржыландырды. Егер қызығушылық танытқандар болса, туындыны ғаламтордағы барлық веб-қосымшаларында оқи алады. Оны ұялы телефонға тегін жүктеп алуға мүмкіндік бар.