Ақтөбе облысында Ойылда болған су тасқынының шығыны есептеліп жатыр

Ойыл өзенінде болған су тасқыны салдарынан Қаратал ауылы тұрғындары зардап шеккен еді.

Онда 11 баспана мен 2 көшені су басты. Келтірілген шығын көлемі 31 млн теңге. Аудан басшылығы зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Ал Қобда ауданында топан судан болған шығынның нақты көлемі әзірге белгісіз. Комиссия мүшелері жұмысын жалғастырып жатыр. Дегенмен, баспанасы қираған отбасыларына жаңа үйлердің құрылысы басталып кетті. Естеріңізге сала кетсек, аудан орталығында 79 үй, су астында қалған болатын.

Асқар Қазыбаев, Ойыл ауданының әкімі:

- Бүгінгі таңда кеткен шығындары бәрі толық анықталды. Қазір 31 млн қаржысы шығып тұр. Біз осы қаржыны сол зардап шеккен тұрғындарға толық төленеді. Олар енді өздерінің күштерімен және біз де көмек береміз. Ол үйлерді қалыпқа келтреміз. Енді осы апрельден бастап өзіміздің резерв қордан біз төлейміз.