Елімізде сүйек қатерлі ісігін ерте анықтайтын препарат шығарылды

Ядролық медицина орталығында сүйек қатерлі ісігін ерте анықтауға мүмкіндік беретін препарат шығарылды.

Бұған дейін натрий фториді шетелден сатып алынған болса, енді елімізде өндіріледі. Бұл мамандардың жылдар бойы жасаған еңбегінің нәтижесі.

Астанадағы ядролық медицина орталығының базасында осымен екінші рет радиофармацевтикалық препарат сынақтан сәтті өтіп, өндіріске жіберілді. Бұл медицинлық өнім сүйектегі ісік метастазаның барлық түрін, сонымен қатар зақымданған сүйек ісіктерін диагностикалауға арналған. Осылайша, «біздің мамандар сүйек қатерлі ісігін емдеуде маңызды нәтижеге қол жеткізді», - дейді ақ халаттылар.

Мақсат Жайымбаев, Ядролық медицина орталығының радиоизотоптық диагностика дәрігері.

- Бұл радиофарм препараттарды енгізудің негізгі мақсаты ол - метастаздарды анықтау. склейка. натрий фтордың енгізілуі арқасында біз толықтай сенімділікпен анықтай аламыз. Бұл метастаз әлде дегеранитикалық өзгеріс. Пациенттер бізге динамикада келіп отырады. Біз оларға жасалған емнің нәтижесін қараймыз. Жсасалған емнен нәтиже оң ба немесе нәтиже жоқ.

Радиофармпрепарат өндірісінде дәрігерлермен қатар ядролық физиктер және химиктер де еңбектенеді. Ядролық медицина орталығының циклотрондық өндірістік кешенінің басшысы Бауыржан Әбішев алдымен барлық халықаралық стандарттар зерделенгенін атап өтті. Бұл онкологиялық науқастарға арналған диагностикалық зерттеулердің спектрін кеңейтуге және шет елдерге бармай-ақ өз елімізде аталған препараттармен зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Бауыржан Әбішев, ядролық медицина орталығы циклотронды-өндірістік кешенінің басшысы:

- Біз препараттың тұрақтылығын дәлелдедік. Ол 12 сағатты құрайды. Бұл 12 сағат ішінде оны науқасқа көктамыр арқылы енгізуге болады дегенді білдіреді. Сол сияқты бұл препаратты басқа клиникаларға апарып қолдануға да болады. Радиофармацевтикалық препарат әлемде қолдануға рұқсат етілген дәрі саналады. Ол әлемде 60 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді, алайда Қазақстан аумағында бұрын-соңды болмаған. Қазір ол сүйек метастаздары бар науқастарды диагностикалау үшін пайдаланылады.

Радиофармпрепарат көктамырға егіледі. Алдымен науқас дәрігер мен медбикенің тексеруінен өтеді. Диагностикаға дейін бір сағат бұрын емделуші тыныш, қараңғы, жылы бөлмеде демалуы керек. Бір сағаттық релаксациядан кейін көктамыр ішіне радиофармпрепарат енгізіледі, оның дозасы пациенттің дене салмағына қарай есептеледі. Препаратты дұрыс тарату үшін науқас тамақ ішпей, аш болуы қажет және кем дегенде 1,5-2 литр газсыз су ішуі тиіс. Радиофармпрепарат бүкіл денеге таралғаннан кейін, шамамен бір сағат ішінде пациентке диагностикалық зерттеу жүргізіледі. Науқас бөлмеден тек радиациялық қауіпсіздік қызметінің рұқсатымен шығарылады. Қызметкерлер радиоактивті фонды өлшейді. Нәтиже қалыпты болған жағдайда науқасты үйге жіберуге болады. Әрине, пациентке өзін күту туралы нұсқаулық беріледі. Шыққаннан кейін ол біршама уақыт кішкентай балалармен, егде жастағы адамдармен немесе науқастармен байланыспауы керек.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Наурызбай Құрманғазы