Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру жалғасып жатыр

Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жалғасып жатыр.

Биыл өңірдегі 17 ауданға 630 мың түп ағаш егіледі деп күтілуде. Тұқымбақта өсірілген көшеттер, аудандарға тегін үлестірілуде. Бүгінге дейін 400-ге жуық елді мекенге 470 мың түп тал егілген. Мамандардың айтуынша, өңірдің табиғи ерекшелігі мен экологиялық жағдайына қарай өнетін, көшеттер отырғызылады. Өйткені таулы аудандарға ағаш жақсы өскенімен Түркістан қаласының аумағына егілген көшеттердің тек 50 пайызы ғана жерсінеді. Оны ғалымдар жақсы біледі. Сондықтан «өңірдегі елді мекендерді көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған жоспарына» сәйкес, мұндағы көшеттерді егу, күтіп баптау жұмыстары жергілікті әкім-дерге жүктелген.

Мақсұт Ғайруллаев, Кентау қалалық көгалдандыру мекемесінің директоры:

- Өздеріңіз көргендей қаланың орталық көшелерінің барлығына арша, қарағай, шырша көшеттерін отырғыздық. Басқармадан берген көшеттердің барлығын өзіміз күтіп баптаймыз. Қаладағы суару жүйесімен суарылып жатыр. Одан бөлек су тасымалдайтын көлікпен суғарылып жатыр.