5 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады

Бүгіннен  5 маусымға дейін балық аулауға тыйым салынады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық және басқа да су жануарларының биоалуандығын сақтау үшін ел аумағында «Уылдырық шашу» акциясын бастады. Министрлік әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып балық аулауға тыйым салу мерзімін енгізді. Дәл осы кезеңде мүдделі мемлекеттік орган қызметкерлері балық аулау және балық өнімдерін заңсыз алып-сату фактілерін анықтауға баса назар аударады. Тыйым талаптарын бұзғандар 10-нан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлейді. Бұдан бөлек қылмыстық жауапкершілікке тартып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да көзделген. 

Жанбота Төлеуқадыров, Балық ресурстарын қорғау және аулауды реттеу басқармасының бас сарапшысы:

- Әр аймақтарда уылдырық шашу мерзімдері әр түрлі. Мысалы , Оңтүстік аймақтарда қазіргі уақытта болып жатса , Солтүстік аймақтарда маусым айларында. Әр климаттық жағдайға байланысты.