Көкшетауда газ тапшы

Көкшетауда көгілдір отын тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығындағы 200-ге жуық тұрғын екінші күн газсыз отыр. Ал бұған жауапты компания бар кінәні газ тасымалдаушы әріптестеріне сілтеп әлек. Себебі Көкшетауға, наурыз айында жетуі тиіс 360 тонна көгілдір отын әлі келмеген. Соның салдарынан 500-ге жуық абонент газсыз қалды. Бүгінде жауапты компания өкілдері, осындағы серіктестерінен ауысымға 19 тонна газ алып, біршама үйді қайта қосыпты. 

Қарлығаш Жақанова қала тұрғыны:

- Осы 2-3 күн болды, біз күндіз жақпаймыз ғой. Кешкі уақытта ауызашар дайындайық деп газ жақсақ, кеше, алдыңгүні газ жоқ. Бір жақсысы, үйдегі электорлық пешпен тамағымызды ысытып іштік.

Батыр Әшіров, газ жеткізуші компанияның басқарушы директоры:

- Ақмола облысында газ жеткізу ақтөбелік жауапты компанияның негізсіз және заңсыз бас тартуына байланысты үзілді. Бізге наурыз айында келуі тиіс 360 тонна газ жеткізілмеді. Бұл дегеніміз 10 вагон. Ал осы айда жауапты компания газ тасымалының мерзімін жіберді. Қазір 5 вагон газ жолға шықты. Ол жетсе, барлығы қалыпқа келеді деген сенімдемін.