Атыраудағы табиғи резерват аумағында 3 гектардан астам жер өртеніп жатыр

Атыраудағы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағы әлі жанып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

127 гектар жер өртеніп кеткен. Қазір Төтенше жағдайлар департаменті мен резерват қызметкерлері 3 гектардан астам жердегі қызыл жалынды сөндіруге күш салып жатыр. Сондай-ақ 4 сәуірде Қызылордадан тікұшақ көмекке келген. Өрт ошағы теңіз жағалауына жақын, сондықтан ол жерге өрт сөндіру көліктері бара алмайды.

Жантөре Демешов, облыстық ТЖД бөлім бастығы:

- Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД-дан 40 қызметкер, 6 бірлік техника және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 30 қызметкер, 9 бірлік техника жұмылдырылды. Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 1 бірлік тікұшағы әуеден су тастау жұмыстарын жүргізіп жатыр.