Ақтөбеде жаппай тазалық жұмыстары жүріп жатыр

Ақтөбеде жаппай тазалық жұмыстары басталды.

Енді әрбір бейсенбі мен сенбі күндері шаһардан күл-қоқыс шығару жұмыстары тұрақты жүргізілмек. Бұл іске мемлекеттік қызметкерлер мен жауапты мекеме-кәсіпорындар, бизнес нысандары, түрлі ұйымдардың өкілдері және қарапайым тұрғындар жұмылдырылып отыр. Атап айтқанда, көшелер, саябақтар мен гүлзарлар қала әкімдігі мен оған қарасты барлық бөлімшенің мамандарына бекітіліп берілді. Олар өз аумақтарының тазалығына жауапты. Мұндай жұмыс 1 сәуір мен 31 мамыр аралығын қамтиды. Алғашқы сенбілікке 4 мыңнан астам адам қатысты. Екі айлық шара аясында қалалық қоқыс полигоны қалдықтарды тегін қабылдайды.

Мирас Әжібаев, Астана ауданы әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Осы қазіргі таңда шағын және орта бизнестеріне парақшалар таратып жатырмыз өз ұйымдарының алдын тазартсын деп. Тазартылмаса оған да негізі әкімшілік жаза қолданылады. Мысалы, қазір сыртқы қасбеттерін сырлау кезеңдері басталып жатыр. Сондай жұмыстар жүргізу керек.