Өскеменде 128 кг марихуана тәркіленді

Ал Өскеменде 32 жастағы азаматтан 128 келі марихуана тәркіленді.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша ол бұлтартпас айғақпен қолға түскен. Тіпті аса қатты бас ауыртпай,  қап-қап есірткі затын жекеменшік  көлік тұрағында сақтаған. Онысын қала ішінде саудаға салмақ болған. Мамандардың айтуынша тәркіленген есірткі құралының көптігі сонша, ол бір реттік дозамен санағанда 64 мың мәрте қолдануға жетеді. Енді  күдікті 15 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алмас Төкенов, ШҚО ПД бастығының орынбасары:

- Аталған  факт бойынша ҚР ҚК 297 бабы бойынша сотқа дейінгі  тергеу басталды,ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.