2023 жылы елімізде 4,5 мың интернет алаяқтық жасалды

Ішкі істер министрлігі ұсынған статитика осындай.

Еліміздің банктері мен байланыс операторлары алаяқтықтың жаңа түрі туралы мәлімдеме жасаған еді. Пысықайлар қазір елдің ақшасын интернет-мессенджерлер арқылы үптеп кетуге тырысады екен. Қаржы жобаларын ұсынып, өзін брокермін деп таныстыратын алаяқтар да қаптап кеткен.

Аман Әубәкіров, ҚР ІІМ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

- Қазіргі кезде инвестициялық жобаларға қатысты алаяқтық жиілеп етті. Азаматтар жинаған ақшаларын қаржы жобаларына саламыз деп сан соғып жатады. Одан өзге әлі алмаған тауарына немесе қызметке ақша жіберіп, алданып жатады.