Өскеменде биыл автожол желісі жаңартылатын болады. LIVE

Осылайша, облыс орталығындағы тар көшелерде көлік ағынын 30%-ке азайту көзделіп отыр. Бұнымен қатар қала тұрғындары үшін тағы бір жаңалық, Үлбі өзенінің жағалауы абаттандырылады.

Эльмира Ахметова тілші:

- Өскемендіктер енді дәп Алматыдай болмаса да, соңғы жылдары көлік кептелісін сезіне бастағаны рас. Өйткені шаһар күн санап өсіп келеді. Бой көтеріп жатқан ықшам аудандар өте көп. Сәйкесінше енді көлік те көбейетіні заңдылық. Біз қазір Үлбі жағалауында тұрмыз. Бұл жерде қыс мезігілінде басталған жұмыс әлі жалғасып жатыр. Жол салынады, абаттандырылады. Айтпақшы, бүгінгі күні облыс орталығындағы көлік саны шамамен 200 мыңнан асып жығылады деген ақпарат бар. Сондықтан автожол желісін жаңарту, түрлендіру маңызды.

Билік өкілдері, ең алдымен, автожолдарды кеңейтіп, көпір астымен өтетін жолдар санын көбейтуге көңіл бөлмек. Бұл шаруаларды жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Әзірге енді негізгі күш шағын жұмыстарға жұмсалып жатыр. Яғни, жолды орташа жөндеу шаралары қаланың әр жерінде жүріп жатыр. Бұл істерге 1 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Ең ірі жобалардың бірі Үлбінің жағасында. Күн сайын 70 техника жұмыс істеп жатыр. Енді адам танымастай өзгереді деген жоспар бар екен. Енді осы Үлбінің жағасына байланысты жоба шаһарға не береді, көлік кептелесіне қалай әсер етпек ?

Иә, қала шетінде ықшам аудандар бой көтеріп жатыр. Әзірге сол аудандарды осы қаланың ескі бөлігімен​ 2 көпір ғана жалғап тұр.Одан түскен жолдар да тар. Сондықтан ол автокөлік жолдары енді 4 жолаққа айналады. Осы аралықтағы ірі көшелерді түйістіретін тағы бір айналма жол салу көзделген. Енді осы күзде Өскеменнің ішінде көлік жүргізушілері риза болатындай өзгеріс болар деген үміттеміз.