Ақтөбеде қоқыс шығару құны 2,5 есе қымбаттауы мүмкін

Ақтөбеде қоқыс шығару құны 2,5 есе қымбаттауы мүмкін.

Коммуналдық мекемелер шығынның күрт өскендігін айтып, абоненттік төлемді арттыруды өтініп отыр. Тұрғындар талқысына ұсынып, қоғамдық тыңдау өткізеді. «Қазіргі тариф жұмысшылардың жалақысы мен күнделікті көлік шығынын өтеуден аспайды», - дейді. Халық саны артып келе жатқан шаһарда қоқысын шығаратын мердігер де аз. Жауапты компания өкілі тұрғындардың бір бөлігі тіпті төлем жасамайтынын айтады. Берешегі барлардың үлесі жалпы абоненттердің 40 процентіне таяған. Жергілікті билік қарызды өтемегендер сот алдында жауапқа тартылатынын айтады. 

Мейрамгүл Жетібаева, мердігер мекеме өкілі:

- Тек қана ГСМ-мен  былай қарағанда, көліктің құралдарына кететін  сома жиналады және оның ішінде водительдердің айлықтары бар, механизаторлардың айлықтары бар, жұмысшылардың айлықтары бар.  Сол себепті қазіргі таңда тарифті көтеру жөнінде ұсыныс жасалған.  

Серік Дәулетов  қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі:

- 2020 жылдан бастап біздің мусордың тарифіміз 180-200 тг болды. Техниканың материалдары қымбаттау, расходтары көп болып тұр. Сол себепті шамамен 417-450 шамасындағы ұсыныс беріп отырмыз. Тарифті өзгерткен жағдайда талаптарымыз күшейеді. Жаңадан техника сатып алу, қосымша аумақ беру, сондай талаптарды қосатын боламыз.