Қазақстанға шетелдік инвестициялар көлемі артты

Қазақстанға шетелдік инвестиция көлемі артып келеді.

Еліміз кейінгі 10 жылда болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Былтыр елге келген капитал 28 млрд АҚШ долларын құрады. Республикаға тартылған инвестициялар көлемі бойынша көш бастап тұрған елдер: Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Бельгия. Қаржы тау-кен өнеркәсібі саласына ең көп тартылған. Өңірлер арасында шетелдік капитал тартуда Атырау облысы мен Алматы қаласы белсенділік танытқан.