Екібастұздағы ЖЭО жөндеуге мемлекет көмектеседі

Екібастұздағы жылу электр орталығын жөндеуге мемлекет көмектеседі.

Яғни, 50% инвестиция құйып, нысанды қалыпқа келтіруге қаржы бағыттайды. Бұл жөнінде БАҚ өкілдеріне премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Сондай-ақ, вице-премьер алдағы  қыста Екібастұзда жылумен қамту мәселесі туындамайды деп уәде берді. Жалпы бұл қаладағы жылу электр орталығында жүргізілген аудит нысанда 94 рет температуралық режимнің бұзылғандығын анықтаған. Тексеріс қорытындысы бойынша кәсіпорынға айыппұл салынған. Дегенмен үкімет мүшелері бұл айыппұл қазақстандықтардың шығынымен салыстырғанда аз деген пікірде.

Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

- Мемлекет жекеменшік нысандарды жөндеуге қаражат бөле алмайды. Сондықтан жылу электр орталықтары мен желілерді өз коммуналдық меншігіне алып, жөндейтін болады. Қаланы жылумен қамту сапасын арттыру үшін 5,3 км желі жаңадан салынады.