ЕҰУ қабырғасында Қазақ мемлекетінің карталар галереясы ашылды

Еуразия ұлттық университетінде XV-XIX ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің көне еуропалық және америкалық карталарының галереясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрмеге Еуропаның ұлттық мұрағаты мен картографиялық орталықтарында табылған 1500 көне картаның 100-ден астам көшірмесі қойылған. Қазақ тарихынан шыр сертетін бұл галерея алдағы уақытта Мәскеу мен Еуропада да көрсетіледі. Құнды еңбектер профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың көп жылдық ғылыми зерттеуінің нәтижесінде табылды.

Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, филология ғылымдарының докторы:

- Қазақ атауы бойынша осы карталар тек қазақ деген түбірмен, қазақ деген этнониммен көрсетілген. Ол жақта қазақ деген мынау этноним, политоним, бұл – мемлекет атауы, 60-тан астам вариянциялары бар. Бұл карталарда қазақ мемлекеті 1540 жылдан бастап көрсетілген. Яғни, осы ең ерте карта, яғни Қазақ мемлекеті көрсетілген, мен қазір айттым, бұл – Швейцариялық Байзер қаласында басылған, атақты неміс картограф Себастьян Мьюстер шығарған карта.