Жаңаөзенде жағдай тұрақты

Жаңаөзенде жағдай тұрақты. Кеше және бүгін таңертең, бір топ адам, орталық көше жолын жабуға әрекеттенген.

Қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтар полиция басқармасына жеткізілді. Барлығына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, босатылған.  Қазір қала бойынша әлеуметтік нысандар, емханалар мен білім беру мекемелері, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай компаниялары да өз қызметін жалғастыруда. Құқық қорғаушылар, шаһар аумағын бақылауда ұстап отыр.

Жаңабай Аймағамбетов, қала әкімінің орынбасары:

- Жолдар ашық. Автокөліктер және қоғамдық көліктер кедергісіз жүруде. Яғни, қазір қаламыздың тіршілігі өзінің штаттық режимінде. Барлығында қызметкерлер өз жұмыс орындарында. Қала басы қазір тыныш.