Елде «мәйіттік донорлықтың» тапшылығы өзекті болып тұр

Елде «мәйіттік донорлықтың» тапшылығы өзекті болып тұр.

Салдарынан донорлық органды қажет ететін 3800-дей азаматтың 300-ге жуығы өткен жылы сау ағзаға қолы жетпестен қайтыс болған. Сорақысы сол, донор тапшылығының азабын тартып отырғандардың 100-ге жуығы 18 жасқа дейнгі бала. Қазақстанда ағза ауыстыруды қажет ететіндердің арасында бірінші орында бүйрегі сыр бергендер тұр. Екінші кезекте жүрек, одан соң бауыр мен ұйқы безін алмастырғысы келетіндер тұр. Мамандар бір мәйіттік донор кемі 4 немесе тіпті 7 адамның өмірін алып қалар еді,- дейді. Бірақ біздегі таным-түсінік салдарынан көбісі онан ат тонын ала қашады. Осыдан кейін аурумен бетпе-бет келгендерге тек жақындары қол ұшын созып, ағзасын бөліп бермесе, келмеске кеткендердің сау ағзасын пайдаланып қалуға ешкім асықпайды,- деп налиды мамандар. Елде денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен 40 донорлық аурухана бекітілген. Соңғы 10 жылда трансплантациялау бюросына тек 175 адам ғана келісім беріп, өтініш қалдырыпты.

Сәуле Шайсұлтанова, ҚР ДСМ "Транспланттауды үйлестіру және жоғары технологиялық медициналық қызмет жөніндегі республикалық орталық" директоры:

- Халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізіп, дәрігерлерді оқытып жатырмыз. Мәйіттік донор енді өте төмен деңгейде. Жасалған барлық трансплантацияның 15 пайызы ғана мәйәттік донордан жасалған. Бізде бір ғана қиындық ол донорлық орган дефициті. Адамдар келісім бермейді. Сондықтан күті парағындағы азаймайды,керсінше көбейіп жатыр.