Шымкентте мектеп мұғалімінен туберкулез таяқшасы табылды

Шымкентте мектеп мұғалімінен туберкулездің ашық түрі анықталды.

Жұқпалы дертке шалдыққан бастауыш сынып оқытушысымен 77 оқушы және ұжымдағы 119 қызметкер қарым-қатынаста болған.  Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға медициналық тексерулер тағайындалғанын мәлімдеді. Олар түгелдей флюрографияға түсіп, арнайы дәрілік екпе қабылдайды. Ал ауру ошағына айналған білім ордасына тиісті дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Сол себепті дәстүрлі оқу форматы жалғаса береді. Сырқатқа шалдыққан мұғалім қажетті ем-домын қабылдап жатыр.

Айгүл Тұрымбетова, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Ол ошақта залалсыздандыру жұмыстары жасалып, қарым-қатынастағылардың бәрі анықталып, олардың бәрі медициналық тексеруден өтеді. Манту сынамасы балаларға қойылады. Флюр обследованиеден ересектер тексеріледі және өзінің кезегімен тексеріліп отырады. Әрі қарай ауру дамымау үшін. Анау айтатын қорқатын жағдай емес. Себебі қазір туберкулезге дәрі-дәрмек жетеді. Емделеді, тұқым қуаламайды.