Қызылордада шақалаққа күрделі операция жасалды

Қызылордада жаңа туған балаға күрделі операция жасалды.

Оған әлем бойынша сирек кездесетін гастрошиз диагнозы қойылған. Яғни ішкі ағзалардың терінің сыртқы қабатында қалыптасуы. Көп жағдайда нәрестені аман алып қалу қиынға соғады. Сондықтан дәрігерлер тарапынан жүктілікті үзу туралы да кеңес берілген. Алайда тұңғышын ұзақ күткен Назым Әбдімахан тәуекелге бел байлайды. Облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері туабітті ақауы бар сәбиге өмір сыйлау үшін 2 сағаттан астам операция жасаған. Одан кейін бірнеше күн реанимацияда бақылау жүргізіп, ем-дом берген. Бүгін ана мен бала ауруханадан шығарылды.

Назым Әбдімахан, қала тұрғыны:

- Ең үлкен санаттағы болғасын бала өмір сүрмейді әрі қарай деген. Бірақ шүкір Аллаға, операция жақсы өтіп, хирургтардың арқасында, дәрігерлер осы жақтағы анализдерін қарап отыр қайта қайта. Соның арқасында тез оңалып келе жатыр.

Мөлдір Алмаханова, облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:

- Сыртқы ортаға шыққан ағзалар өте кебіңкі, ісіңкі болып келеді. Сол себепті оның барлығын ішкі ағзаға енгізу арқылы бірнеше этпаппен жасалатын жоспар болған хирургтарда. Алайда өздері ағзаларды тазалау арқылы ішке енгізілген кезде бір этаппен бізде аяқталды.