Ақтөбелік волонтерлер жетім балаларға пәтер сыйлады

Ақтөбелік волонтерлер 70-ке келген әжесінің тәрбиесінде қалған жетім балаларға пәтер сыйлады.

Үш бөлмелі баспанаға қаражатты қайырымды жандар жинап берген. Қасиетті Рамазан айы қарсаңында еріктілер әлеуметтік желілерде үндеу тастаған болатын. Нәтижесінде санаулы күн ішінде 20 млн теңге жиналды. Үй ішін жөндеп, қажетті жиһаз бен тұрмыстық бұйымдарды сатып алуға депутаттар қол ұшын берген. Айта кеткен жөн қайырымдылық шарасын ұйымдастырған бірлестік 2019-жылы құрылған. Қазір 40-жуық белсенді мүшесі бар. Осы уақыт аралығында кең пейілді жандар он отбасына пәтер сыйлады.

Нұрбек Жалғасбаев, волонтёр:

- Мінекей бүгін үлкен арманымыз орындалды қанша күннен бергі. Бұл халықты, елдік көмегімен атсалысып отыр. Үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді қашанда біздің бастамамызды қолдап жүрген халыққа. Соның ішінде тек қана ақтөбеліктер ғана емес, бүкіл жалпы Қазақстан деңгейінде басқа да қалалардан үлкен, қомақты қаржы аударған азаматтарымыз болды. Үлкен алғысымызды білдіреміз.