Жаңаөзендегі жарылыс: 1 адам көз жұмды

Жаңаөзенде тұрғын үйдегі газ жарылысынан 1 адам көз жұмды.

Тағы екеуі ауыр халде жансақтау бөліміне түсті. Олардың бірінің денесінің 80%-ін, екіншісінің 50%-ін күйік шалған. Жаңаөзен ауруханасына барлығы 13 адам жеткізілген, қалғандарының жағдайы тұрақты. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев оқиға орнында жедел штабтың жұмысын үйлестіріп жүр. Алдын ала мәлімет бойынша, газ жарылысынан 12 пәтерлі екі қабатты үйде болып, 150 шаршы метрді құрайтын 3 пәтері опырылған. Қазір үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің күштері, құтқарушылар, әскерилер мен арнайы техника жұмылдырылды. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 8-72-92-31-90-99 жедел желісі ашылды.