317 азамат Ішкі істер органдарына 399 атыс қаруын тапсырды

Өткен апта ішінде 317 азамат Ішкі істер органдарына өз еркімен 399 атыс қаруын тапсырды.

Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсырғандарға техникалық жағдайына байланысты әр бірлік үшін 34 мыңнан 345 мың теңгеге дейін ақы төленеді. Қару-жарақ заттарын қабылдау әрбір аумақтық полиция органында жүргізіледі. Оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған мұндай шаралар 2008 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы кезеңде азаматтар жалпы құны 1 млрд 900 млн теңгеге тең 56 мыңнан астам атыс қаруын және 2 млн. астам патрон тапсырды. Қабылданған шаралар атыс қаруымен жасалатын қылмыстар санын 43 процентке азайтты. Мәселен, 2017 жылы 339 жағдай тіркелсе, 2021 жылы 192-ге дейін төмендеген.