Жаңаөзенде үйінді астынан тағы 3 адамның денесі шығарылды. LIVE

Жаңаөзенде қираған үйде үйінділерді аршу кезінде тағы 3 адамның мәйіті табылды.

Еркек, әйел және бала. Марқұмдардың қанша жаста болғаны жайлы әзірге ақпарат жоқ. Тағы 8 тұрғын қалалық ауруханаға жеткізілген.

Қаза тапқан адам саны 4-ке жетті. Жергілікті уақытпен 11.45-те құтқарушылар әйел адамның денесін алып шықты. Үйінділерді аршу жұмыськры әлі жалғасып жатыр. Қираған пәтерлердің бірінде тұрған тұрғын кеше баласының үйіне қыдырып барып, аман қалды. Зейнет жасындағы тұрғынмен тілдесуден сәті түсті. Сөзін тыңдасақ.

Біз қазір жарылыс болған үйге көрші тұрған баспанада тұрмыз. Үй иесінің айтуынша, жарылыс дүмпуі 3 бөлменің терезесін қиратқан. Абырой болғанда, ешкім жарақат алмаған. Азынаған суықта тұрғындар қайда барып қонарын білмей отыр.