Қазақстан тарихының көптомдығы әзірленіп жатыр

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеуге қатысты кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік кеңесшіге бұған дейін белгілі тарихшы ғалымдармен кездесуде айтылған кемшіліктерді түзету және атқарылған басқа да жұмыстар жайында баяндалды. Көптомдыққа қажетті материалдардың барлығы жинақталып, бірнеше сатыдан тұратын сараптамадан өтті. Бүгінде кей томдар толықтырылып, кейбірі біріздендіріліп жатыр. Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстарын тыңғылықты жүргізу қажет екенін атап өтіп, бірқатар нақты тапсырма берді.