Қарағандыда 12 келі есірткі тәркіленді

Қарағандылық полицейлер 32 жастағы азаматтан 12 келіге жуық гашиш тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол ірі көлемдегі есірткі түрін қала орталығында емін-еркін алып жүрген жерінен ұсталған. Күдікті Жамбыл облысының азаматы болып шықты. Қазір осы іске қатысты сыбайластар бар-жоғы анықталып жатыр. Ал қолға түскен азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер аталған азаматтың кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.