Президент: Аулаларды абаттандыру керек

Кеше ғана Президент Елде облыс орталықтарын абаттандыру жұмысы ақсап тұрғанын айтқан еді.

«Балаларға арналған ойын алаңдарының тозығы жеткен. Астанадағы жағдай да мәз емес. Суағарлар жоқ. Жөндеу мен жаңғыртуды қажет ететін нақты нысандарды анықтап, түйткілді тез шешу қажет. Барлық әкім өзі басқаратын қаласы мен ауданын жаяу аралауы керек. Бұл талап елордаға да қатысты», -деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте.