Семейде 400 орындық жатақхана ашылды

Семейдегі университеттердің бірінде 400 орындық жатақхана ашылды.

Алты қабатты, 136 бөлмелі ғимаратта студенттердің жайлы тұруына барлық жағдай жасалған. Әр бөлмеде 3 адамнан тұрады. Жатақхана  заманауи ас бөлмесімен, коворкинг-зоналармен, медициналық кабинеттермен, Wi-Fi желісіне қосылған кітапханамен, фитнес залмен жабдықталған. Көлемі 6 мың шаршы метр аумақты алып жатқан Студенттер үйінің құрылысы өткен жылы жазда басталған. Нысанды салуға 1,5 миллиард теңге инвестиция жұмсалған. Ерекше атап өтерлігі, бұл - соңғы 30 жыл ішінде өңірде толық университеттің өз қаражатына салынған тұңғыш жатақхана.

Дариға Таңатарова, студент:

- Мен өзім Маңғыстау облысынан келіп оқып жатырмын. «Серпін» бағдарламасымен оқитын студенттерге жатақхананың маңызы дүние. Өте үлкен қуаныш болып жатыр. Студенттерді кереметтей баспанамен қамтамасыз етіп жатыр.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:

- Бүгінгі шара өте маңызды. Университет үшін, өңір үшін ғана емес, жоғары білім саласы үшін. Неліктен? Қазір елімізде демократиялық үлкен өсім бар. Сондықтан үлкен жатақханаларға, академиялық инфрақұрылымға тапшылық пайда болды. Бұл жұмыс жалғасады. Студенттерімізге, оқушыларымызға, жас мамандарға осындай мүмкіндіктерді жасап жатырмыз.