Қытайға Астанадан тіке ұшатын әуе рейсі ашылды

Қытайдың Сиань қаласына Астанадан ұшатын алғашқы әуе бағыты ашылды.

Рейс аптасына екі рет жүзеге асырылады. Қазақстанның Сиандағы бас консулы Жошыхан Қыраубаев атап өткендей, бұл екіжақты стратегиялық дамудың айқын көрінісі. Жалпы Сиань қаласы жергілікті тұрғындардың көп шоғырланатын жері және Ұлы Жібек жолының шығыс бөлігі болып есептеледі. Бүгінгі таңда қала мәдениеттің, білім берудің және өнеркәсіптің маңызды орталығына айналып отыр. Сондай-ақ шаһар логистикалық хаб болып есептеледі, қаладан шетелге жүк тасымалданады екен. Қазақстанға да тауар осы жақтан жөнелтіледі. Келер айда мұнда еліміздің Бас консулдығы ашылады деген жоспар бар.

Жошыхан Қыраубаев, ҚР Сиандағы Бас консулы:

- Тікелей әуе қатынасының басталуы еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының Қытайға мемлекеттік сапары қарсаңында ашылып, “Бір жол, бір белбеу” бағдарламасының 10 жылдығымен ұштасуы біз үшін өте маңызды. Әрине Астана мен Сиань арасындағы әуе қатынасының ашылуы кейінгі мына екі мемлекет арасындағы халықтың өзара тығыз байланысына мәдени және экономикалық саяси байланыстарының өрбуіне, сонымен қатар жеке және орта бизнестің қадамдап алға жандануына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз.