ШҚО-да бір миллион шаршы метрге жуық үй салынады

Биыл Шығыс Қазақстан облысында бір миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынады. 

Мұның басым бөлігі көп балалы және аз қамтылған отбасыларға арналған. Мәселен, Шемонайха қаласында 60 пәтерлі көп қабатты үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Күзде қолданысқа беріледі. Өлкеде “Бір қабатты шығыс” жобасы да тұрғын үй кезегін азайтуға септігін тигізіп жатыр. Жас мамандарды ауылға тарту. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларды қолдау. Бұның барлығы алдымен баспана мәселесіне келіп тірелері сөзсіз. Шемонайха ауданында бес жыл үзілістен соң құрылыс қайта жанданды. Аз қамтылған 760 отбасы  кезекте тұр. Мына салынып жатқан бес қабатты үйдегі пәтерлер алдымен сол кісілерге беріледі.  

Бақытжан Молдаханов, Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары:

- Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар санатында  238-250 адам шамасында,содан кейін 1-2 санатты мүгедек жандар солардың саны көп болып тұр, қазір 100-ден асады, сонымен қатар көп балалы аналар.

Өмір Азубаев құрылыстағы әр кірпіштің дұрыс қалануын жіті қадағалайды. Қыстағы қақаған аязда да жұмысты бір күнге тоқтатпады.

Өмір Азубаев, учаске бастығы:

- Ең негізгі ауыр жұмыстар бітті бетон жұмыстар, кірпіш жинау бітті, енді шағын жұмыстар ғана қалды. Отыз бес адам жұмыс істейді.

Бұл ауданда «Бір қабатты шығыс» бағдарламасы да сәтті іске асты. Екі пәтерлі 10 үй салынды. Ауыл-аймақ дәл осындай үй жобасы тиімді екені байқалады дейді мамандар. Сондықтан облыста осы бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Ауылдарда 93 көп балалы аз қамтылған отбасы бар. Биыл алғашқы жартыжылдықта олардың басым бөлігі баспаналы болады. Жалпы әлі осындай бір қабатты әрі жайлы 300 үй салуды жоспарлап отырмыз.

Ол үшін 5 миллаирд теңге бөлінбек. Жалпы биыл аймақта  200 көп балалы отбасын баспанамен қамту межесі тұр.

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов