Қарағанды облысында көлік жөндейтін көпбалалы ана тұрады

Қазір қоғамда көлік жүргізетін қыз-келіншек аз емес.

Бірақ көлікті жөндей алатын әйелдер көп емес. Қарқаралы ауданында техниканың тілін меңгеріп алған көпбалаы ана бар. Ине-жіпті, кілт-сайманға алмастырған ана қағылған-соғылған көліктерді жөндеп, бояп мұнтаздай қылыпқа келтіреді.

Марал Оспанованың жас кезінде алған мамандығы тігіншілік. Бірақ ол ине-жіпті кілт-сайманға алмастырды. 17 жылдан бері көлік жөндеп, кәсіп жүргізіп отыр. Техникалық тұрғыда ақауы бар көлікті айтпағанда, қағылған-соғылған машиналардың өзін мұнтаздай етіп қалыпқа келтіріп, бояп қояды.

Марал Оспанова, Қарқаралы қаласының тұрғыны:

- Алғашында жолдасым өзі жалғыз істеп жүрді ғой, соған кілт-сайман алып беріп тұратын кісі керек болды, қасына. Одан кейін осы жұмысқа қалай кіріп кеткенімді өзім де байқамай қалдым, шыны керек.

Талғатбек Осапанов, Қарқаралы қаласының тұрғыны:

- Кейде екі-үш машинаны қатар істей бересің ғой. Сондай кезде қасыма көмекші де керек. Үлгермей жатқан кезде. И әйелдердің қолы кішкене нәзік дегендей, мұқият істейді дегендей ғой бәрін. Басында үйретесің, кейде қатты да айтып қоясың жөндеп істей алмай жатса. Әлі күнге дейін үйретіп отырасың ғой.

Марал Оспанованың көлік тізгіндеп жүргеніне де 33 жыл болған. Жалпы техникаға бала кезінен жақын болыпты. Себебі 17 жасында трактор мен шөп тасыған кездері болған.

Марал Оспанова, Қарқаралы қаласының тұрғыны:

- 80-ші жылдары Доғалаң, Қайнар совхоздарында әкем қойшы болып көшіп келді. Сонда мен 8-ші сыныпты бітірген кезде біздерге шөп тасуға жібереді. Сонда ана кісіге қызығып, үлкен кісіге аға мен жүргізіп көрейінші деп айттым. Сосын үйретті. Содан таркторды үйреніп кеттім

Талғатбек пен Маралдың 4 баласы бар. Қазір немерелердің қызығын көріп отыр. Ол аналық және әжелік ісін көлік жөндейтін қиын жұмыспен қатар алып жүр. Болашақта кәсібінің сырын немерелеріне де үйреткісі келеді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Зарина Зұлпыхар