Ел мектептерінде шахмат сабағы пайда болады

Мектептерде шахмат сабағы пайда болады. Бұл жөнінде Қазақстан шахмат федерациясының басшылары мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде шахматты жаппай үйрету кезең-кеңзеңмен жүзеге асырылатыны және ол қосымша пән ретінде енгізілетіні белгілі болды. Ең алдымен оқушылардың 20 процентіне зияткерлік ойынды үйрету жоспарланып отыр. Осы мақсатта 500-ден аса педагогты кәсіпқой тұрғыда қайта даярлаудан өткізбек. Тіпті, арнайы жол картасы да жасалған. Оның аясында «мектептегі шахмат» жобасы қолға алынып, 7 жылда 2 мыңға жуық баланы сынап көрді. Сәйкесінше, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бар. Енді осы тәжірибені жаппай қолданып, болашақта елдеі барлық оқушыға осы ойын түрін үйретпек.