Кербұлақ ауданына мемлекет мал сатып алуға берген қаражат жұмсалып кеткен

Мемлекет мал сатып алуға, кондитерлік цех ашуға, енді біреуге сұлулық салонын ашуға ақша берген.

Бірақ Кербұлақ ауданында мұның бәрі со күйі қағаз бетінде қалып қойған. Яғни ақшаның сұрауы жоқ деді ме, ешкім ешқандай цех ашпаған. Мал сатып алмаған. Ал ақша жұмсалып кеткен. Прокурорлар осындай 24 істі қарап жатыр. Жауапты -  Кербұлақ ауданындағы жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері. Мемлекетке келген шығын - 9 млн теңге. 

Зарина Әлдибекова, Кербұлақ аудандық прокуратурасының прокуроры:

- Прокурорлық ден қою актісі бойынша мемлекет пайдасына 7 млн теңге өндірілді. Сонымен қатар бес тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Және де лауазымды өкілеттіліктерін теріс мақсатта пайдалана отырып екі млн теңгені жымқыру фактісі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне жолданды.