Солтүстікте алпысқа жуық ірі қарадан бруцеллез анықталған

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 60-қа жуық ірі қарадан бруцеллез анықталды.

Ветеринар мамандардың аутынша қауіпті індеттің ошағы Айыртау, Аққайың, Ақжар, Уәлиханов және Қызылжар аудандарынан табылған. Ауруға шалдыққан малдардың барлығы санитарлық союға жіберілді. Ал иелеріне өтемақы төленеді. Қазір осы жағдайға байланысты Байсал ауылында бірнеше көшеде карантиндік шектеу шаралары енгізіліп отыр. Бұл елді мекеннен мал мен оның өнімдерін шығаруға қатаң тыйым салынған. Жауаптылардың айтуынша профилактикалық  жұмыстар  жалғасып жатыр. Өңірде шамамен ірілі -ұсақты 300 мыңға жуық малдан сынама алынған. 

Нариман Тасболатов, облыстық ветеринария басқармасының бас маманы:

- Бруцеллезге яғни осы арнайы жоспарлық диагностикалық іс-шаралар жыл сайын өткізіледі. Жылына екі рет. Яғни көктем және күз айларында. Бүгінгі күні диагностикалық іс-шаралардың бруцеллезге қарсы 70 пайызы орындалып отыр. Біздің басты мақсатымыз бруцеллезбен ауратын малдарды анықтау болып есептеледі.