ҚХА әлеуметтік желідегі жұмысын күшейтеді

Ұлттық идеологияны ұлықтау. Отандық брендті қалыптастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясының Жоғарғы оқу орындарындағы кафедраларында осы пәндер оқытылады.

Бұл туралы елордада Ассамблеяның XXXII сессиясына қатысушылар айтты. Мәселен, былтыр ұлтаралық салада 20 зерттеу жұмысы жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша еліміздің 10 өңірінде этносаралық келісім жөнінде тренингтер өтті. Достық үйлерінде қазақ тілін үйрететін 124 топ ашылды. Мамандар бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту үшін әлеуметтік желілерді белсенді түрде пайдалану керек деп санайды.

Аида Балаева, ҚР Президенті әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Әлеуметтік желідегі жұмыстарды күшейту керек. Өйткені ақпараттық кеңістікте шындыққа жанаспайтын мәлімет көп. Бірінші кезекте бұл – елдегі ұлтаралық жағдайға қатысты жалған ақпараттар. Этносаралық қарым-қатынасты реттеу бағытына баса мән беру қажет.