Елде 700-ден астам этномедиатор жұмыс істейді

Қазақстан халқы Ассамблеясы 774 этномедиаторды оқытып шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мамандардың қызметі ұлтаралық қақтығыстардың алдын алу жұмыстарына бағытталған. Қазір еліміздің 18 өңірінде тікелей халықпен жұмыс істейтін этномедиаторлар бар.

Жалпы қазір Ассамблеяның ауқымы кең. Мыңға жуық этномәдени бірлестік қызмет етеді. Оның ішінде 40 достық үйі, 174 жексенбілік мектеп, 30 волонтерлік орталық бар. Онда 50 мың адам еңбек етеді.

Талғат Қалиев, саясаттанушы:

- Ассамблея әр жылдары әртүрлі маңызға ие болды. Көптеген азаматтық және этникалық қақтығыстардың алдын алып отырды. Ымыраға және келісімге келетін алаңға да айналды. Қазіргі таңда Ассамблея ел азаматтарын бірыңғай ұлт қылу құралы саналады.